Читайте также:
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне оның мемлекеттік қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау, -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.02.19 N 295 Заңымен.
Бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттер, -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 168 бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру | | | Бап. Қарулы бүлiк |