Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Адамды ұрлау

Бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi | Бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату | Бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары | Бап. Адам өлтiру | Бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру | Бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру | Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу | Бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы | Бап. Заңсыз аборт жасау | Бап. Зорлау |


Читайте также:
  1. Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
  2. Бап. Адамды саудаға салу
  3. Бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
  4. Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
  5. Бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

1. Адамды ұрлау -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрінеу әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128 және 133-баптарында адамды пайдалану деп:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
2) кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;
4) кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер түсініледі.
Ескерту. 125-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.03.02 N 131; 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері| Бап. Адамды саудаға салу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)