Читайте также:
|
|
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру, -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 225 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру | | | Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу |