Читайте также:
|
|
1. Қылмысы үшiн сотталған адам, егер айыптау үкiмi оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде, мынадай мерзiмдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады:
а) кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда - үш жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда - алты жыл;
в) ауыр қылмысы үшiн сотталғанда - он жыл;
г) аса ауыр қылмысы үшiн сотталғанда - он бес жыл.
2. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне қарай өткен ескiру мерзiмi есептелуге тиiс. Бұл орайда айыптау үкiмi егер, оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өтсе және ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасау арқылы үзiлмеген болса, орындалмауы керек.
3. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi үзiледi. Мұндай жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледi.
4. Өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескiру мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот ескiру мерзiмiн қолдану мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмiр бойы бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.
Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру | | | Бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату |