Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Бап. Бас бостандығын шектеу | Бап. Бас бостандығынан айыру | Бап. Өлiм жазасы | Бап. Мүлiктi тәркiлеу | Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар | Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар | Бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау | Бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу | Бап. Шартты түрде соттау | Бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту |


Читайте также:
  1. Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
  2. Бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату
  3. Бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату
  4. Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
  5. Бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату
  6. Бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:
а) кiшiгiрім қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл.
2. Ескiру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.
3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескiру мерзімі тоқтатылмаса және мынадай мерзімдер:
а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс.
4. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай реттерде ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескiру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбiр қылмыс бойынша ескiру мерзiмi дербес өтедi.
5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.08 N 210, 2009.07.10 N 175-IV, 2010.04.08 № 266-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 163 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату| Бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)