Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту | Бап. Бас бостандығын шектеу | Бап. Бас бостандығынан айыру | Бап. Өлiм жазасы | Бап. Мүлiктi тәркiлеу | Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар | Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар | Бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау | Бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу | Бап. Шартты түрде соттау |


Читайте также:
  1. Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
  2. Бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату
  3. Бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
  4. Бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату
  5. Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
  6. Бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату
  7. Бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен, арыз берушiмен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
2. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен, арыз берушiмен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және жәбiрленушiге, арыз берушiге келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
4. Қылмыс қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірген жағдайларда осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянның орнын толтырған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Осы баптың ережелері адам өліміне не екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, абайсызда қылмыстар жасаған, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.21. N 363 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 210 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту| Бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)