Читайте также: |
|
1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның күдiктi немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 346-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 222 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Сотты құрметтемеу | | | Бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау |