Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту

Бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату | Бап. Сапасыз құрылыс | Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу | Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы | Бап. Қаруды заңсыз жасау | Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу | Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату | Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру | Бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу | Бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету |


Читайте также:
  1. B) Талаптан бас тарту
  2. Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту
  3. Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
  4. Бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
  5. Бап. Шарттан бас тарту

1. Күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру арқылы не алдау арқылы жезөкшелiкпен айналысуға тарту –
мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет –
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұйымдасқан топ жасаған нақ сол әрекет –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 270-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

271-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар
ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық

1. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық –
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып жасалған нақ сол әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 271-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру| Бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)