Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату

Бап. Сапасыз құрылыс | Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу | Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы | Бап. Қаруды заңсыз жасау | Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу | Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату | Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру | Бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу | Бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету | Бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру |


Читайте также:
  1. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  2. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  3. B) шешім шығарған соң мәлім болған, сотпен зерттелген актілерді мақұлдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер
  4. D) басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. E) талапкер немесе уәкілеттігі берілген оның өкілі
  6. Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
  7. Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру

Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, суреттердi немесе өзге де заттарды заңсыз
сату -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сол сияқты оларды жасау немесе молықтыру құралдарын тәркiлеп, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту

1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау -
порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін орындаушылар ретінде кәмелетке толмағандарды тартуы, -
порнографиялық материалдарды және заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;
б) көрінеу жасы он төртке толмаған адамға қатысты жасалған;
в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көшірмесін шығару құралдарын тәркілеп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 273-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту| Бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)