Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

Бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi | Бап. Қылмысқа қатысу нысандары | Бап. Қажеттi қорғану | Бап. Айыппұл | Бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру | Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту | Бап. Бас бостандығын шектеу | Бап. Бас бостандығынан айыру | Бап. Өлiм жазасы | Бап. Мүлiктi тәркiлеу |


Читайте также:
  1. Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
  2. Бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
  3. Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар
  4. Бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
  5. Бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
  6. Бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату

1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың), террористік топтың құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;
д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;
л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;
м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;
н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;
о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;
п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау;
р) құқық қорғау органы қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.
3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 435 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар| Бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)