Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қажеттi қорғану

Мазмұны | Бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы | Бап. Қылмыстардың жиынтығы | Бап. Қылмыстың қайталануы | Бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы | Бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы | Бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi | Бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру | Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту | Бап. Бас бостандығын шектеу |


1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.
3. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Адам өміріне қол сұғатын не:
қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін қаруды не өзге де заттарды немесе құралдарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен;
қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен не мұндай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен;
тұрғын үйге немесе өзге де үй-жайға заңсыз басып кірумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 308 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қылмысқа қатысу нысандары| Бап. Айыппұл

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)