Читайте также:
|
|
1. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап, екінші, үшінші бөліктер), тонаушылық (178-бап, екінші, үшінші бөліктер), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап, екінші, үшінші бөліктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгенi (185-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), терроризм актісі (233-бап), адамды кепiлге алғаны (234-бап), терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (242-бап), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (257-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлердi қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiк), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (299-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.
3. Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген жасқа толса, бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезiндегi өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде түсiне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.19
N 295, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 232 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Қылмыстың қайталануы | | | Бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы |