Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Өлiм жазасы

Бап. Қылмыстың қайталануы | Бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы | Бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы | Бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi | Бап. Қылмысқа қатысу нысандары | Бап. Қажеттi қорғану | Бап. Айыппұл | Бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру | Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту | Бап. Бас бостандығын шектеу |


1. Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы беріледі.
2. Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
4. Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 529, 2009.07.10 N 175-IV Заңдарымен.

Бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру

1. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттау кезiнде сот айыпкердiң жеке басын ескере отырып, оны құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi немесе бiлiктiлiк сыныбы бар адамды қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттаған ретте сот үкiм шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, бiлiктiлiк шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзудiң орындылығы туралы мәселенi шешедi.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бас бостандығынан айыру| Бап. Мүлiктi тәркiлеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)