Читайте также:
|
|
1. Кiшiгiрiм, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра алады. Бұл ретте, осы Кодекстің 122-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды қоспағанда, адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiр бөлiгiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылмайды.
3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот осы Кодекстiң 39-бабында аталған жаза түрлерiне сәйкес, осы Кодексте әрбiр жаза түрi үшiн көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңiл түрiн таңдап алуы мүмкiн.
4. Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру қолданылмайды.
Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан асырмай кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.
3. Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
4. Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2007.03.26 N 240, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 245 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату | | | Бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату |