Читайте также:
|
|
1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;
г) аса қатыгездiкпен;
д) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
е) жалдау бойынша;
ж) бұзақылық ниетпен;
з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында;
и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатында;
к) бірнеше рет жасалса;
л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Адам өлтiру | | | Бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру |