Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру

Бап. Зорлау | Бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері | Бап. Адамды ұрлау | Бап. Адамды саудаға салу | Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту | Бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу | Бап. Қинау | Бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу | Бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау | Бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу |


Читайте также:
  1. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  2. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  3. B) шешім шығарған соң мәлім болған, сотпен зерттелген актілерді мақұлдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер
  4. D) басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. E) талапкер немесе уәкілеттігі берілген оның өкілі
  6. Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
  7. Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау

1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты насихаттайтын әдебиет пен өзге ақпарат жеткізгіштерді тарату жолымен жасалса -
бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобымен немесе бiрнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сол сияқты өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған нақ сол iс-әрекеттер -
бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.02.19 N 295, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық
құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

165-бап. Мемлекеттiк опасыздық

1. Мемлекеттiк опасыздық, яғни қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал ұрыс жағдайында ауырлататын мән-жайлар кезiнде - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта, сол сияқты осы Кодекстiң 166 және 168-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттiк органдарға ерiктi және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне залал келтiрудi болдырмауға жәрдемдессе және оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.07.10 N 175-IV Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Экоцид| Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)