Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қинау

Бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру | Бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру | Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу | Бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы | Бап. Заңсыз аборт жасау | Бап. Зорлау | Бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері | Бап. Адамды ұрлау | Бап. Адамды саудаға салу | Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту |


1. Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның, немесе өзге лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісімімен басқа адамның, не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi, –
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiре отырып;
г) кiнәлi адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, –
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, –
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Лауазымды адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.
Ескерту. Кодекс 141-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру – айлық есептік көрсеткiштің төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер осы әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе –
айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату –
қылмыс жасау жарағы немесе құралы болып табылатын мүлкі тәркіленіп не онсыз айлық есептiк көрсеткiштің бiр мыңнан екі мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 142-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 187 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу| Бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)