Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату

Бап. Адамды саудаға салу | Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту | Бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу | Бап. Қинау | Бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу | Бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау | Бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу | Бап. Экоцид | Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру | Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ұлттық бірлік пен тарих жылы» болып жарияланды: 1998 жылы
  2. Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру
  3. Бап. Қаруды заңсыз жасау
  4. Бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
  5. Бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
  6. Бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
  7. Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу

1. Құжаттарды ұрлау, мемлекеттiк құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен не өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау, сол сияқты мемлекеттiк құпияларды құрайтын, заңсыз алынған мәлiметтердi тарату мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда -
белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында мәлiм болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -
екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 172, 173 және 386-баптарында iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетін сомада келтiрiлген залал танылады.
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 N 47 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қарулы бүлiк| Бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)