Читайте также:
|
|
1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе өздерінің меншік иесімен немесе иеленушімен қол жетімділігі шектелген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату –
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;
2) пайдакүнемдік ниетпен жасалған;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) ұйымдасқан топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату | | | Бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну |