Читайте также:
|
|
Ескерту. 227-бап алып тасталды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату
Ескерту. 227-1-бап алып тасталды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар
Ескерту. Кодекс 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан, машиналық жеткізгіште қамтылатын, заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерінде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Рейдерлік | | | Бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру |