Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату

Бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу | Бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру | Бап. Заңсыз кәсiпкерлiк | Бап. Жалған кәсіпкерлік | Бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы | Бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану | Бап. Монополистік қызмет | Бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану | Бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету | Бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. A) Бітімгершілік келісімін жасауға құқығы
  3. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  4. Access – те Есептер (Отчеты) жасау
  5. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  6. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  7. B) Талапкер және оның өкілі

1. Жалған төлем карточкаларын, сол сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 207-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану

1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережесiн бұзу, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткiзу, -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал елеулі залал деп танылады.
2. Егер келтірілген залалдың орнын өз еркімен толтырған адамның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 208-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.16 N 430 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану| Бап. Экономикалық контрабанда

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)