Читайте также:
|
|
Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауды, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулерді заңсыз пайдаланғаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамның нақ сондай әрекет жасауы –
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбасына немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту маркалауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi залал келтiрсе -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 217 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Монополистік қызмет | | | Бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету |