Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Заңсыз кәсiпкерлiк

Бап. Қарулы бүлiк | Бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату | Бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту | Бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару | Бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету | Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау | Бап. Тонау | Бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау | Бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату | Бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу |


Читайте также:
  1. Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру
  2. Бап. Қаруды заңсыз жасау
  3. Бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
  4. Бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
  5. Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу
  6. Бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу
  7. Бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану

1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
в) бірнеше рет жасаса, –
айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан бір жарым мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстiң 190, 191, 205-2 және 205-3-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс – iрi мөлшердегi табыс деп, сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны едәуір мөлшердегi тауарлар деп танылады.
3. Осы тараудың 190, 191, 192-1, 205-2, 205-3, 215, 216, 217, 219 және 220-баптарында Ірі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202, 202-1, 203, 204, 205және 218-баптарында ірі залал деп қылмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
Ескерту. 190-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.07.16 N 430, 2002.12.21 N 363, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру| Бап. Жалған кәсіпкерлік

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)