Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы

Бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту | Бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару | Бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету | Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау | Бап. Тонау | Бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау | Бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату | Бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу | Бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру | Бап. Заңсыз кәсiпкерлiк |


Читайте также:
  1. D) оның мүлкіне қамқоршылықты жүзеге асыратын тұлға
  2. Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
  3. Бап. Қылмысты жасыру
  4. Бап. Жалған кәсіпкерлік
  5. Бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
  6. Бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), -
бес жүзден екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. Кодекс 192-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)
өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату)

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару жолымен мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мүлік қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатыны белгілі болса, мұндай мүліктің шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, оған құқықтарды немесе оның тиесілілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану –
мүлкі тәркіленіп, бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып не онсыз, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
жеті жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ;
в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -
бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған мәмiлелер немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті пайдалану iрi мөлшер деп танылады.
2. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырудың дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамдары болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
3. Осы бапта конверсиялау деп шарттарды елеулі қайта жасау, өзгерту, ақшаның және (немесе) өзге мүліктің біреуін басқасына ауыстыру түсініледі.
Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.03.16 N 163, 2003.09.25 N 484, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалған кәсіпкерлік| Бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)