Читайте также:
|
|
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, -
екі жүзден төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адам жасаған әрекеттер, -
төрт мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Лауазымды адамның мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілеттіктерді беруге әкеп соққан іс-әрекеттер жасауы, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
Ескерту. 310-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану | | | Бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау |