Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу

Бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету | Бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру | Бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту | Бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату | Бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы | Бап. Атмосфераны ластау | Бап. Теңiз аясын ластау | Бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу | Бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу | Бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу |


Читайте также:
  1. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  2. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  3. B) шешім шығарған соң мәлім болған, сотпен зерттелген актілерді мақұлдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер
  4. D) басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. E) талапкер немесе уәкілеттігі берілген оның өкілі
  6. Абылдап-жөнелту жолдарын пайдалану дәрежесі.
  7. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау

1. Темiр жол, әуе, теңiз немесе су жолы көлiгi қозғалысы немесе пайдалану ережелерiн орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметiне байланысты осы ережелердi сақтауға мiндеттi адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
алты айдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрiнеу қауiп төндiрсе, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Темiр жол, теңiз, өзен және әуе көлiгi құралдарының барлық түрлерi, оның iшiнде шағын өлшемдi теңiз және өзен кемелерi көлiк деп түсiнiледi.
Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05. N 47 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу| Бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)