Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Теңiз аясын ластау

Бап. Қаруды заңсыз жасау | Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу | Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату | Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру | Бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу | Бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету | Бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру | Бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту | Бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату | Бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы |


Читайте также:
  1. Бап. Атмосфераны ластау

1. Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан теңiз аясын ластау -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы

1. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 284-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Атмосфераны ластау| Бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)