Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау, көліктік бақылау, санитарлық қадағалау және өз құзіреті шегінде су қорын қорғау және пайдалану салаларындағы органдар жүзеге асырады. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануын бақылауды, комиссиялық тексерулер мен зерттеулерді жүргізген кезде мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарын бағыттауды уәкілетті орган жүргізеді.
Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те жатады. Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан «Талдыкөл» атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Астана қаласын сумен жабдықтау | | | Орытынды |