Читайте также: |
|
“Астана су арнасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басқарушысы – Жаңбыршы Нүркенов. Егемен еліміздің елордасы – Астана қаласын сумен қамтамасыз ететін “Астана су арнасы” кәсіпорнының басқарушысы Жаңбыршы Нүркеновтің күнделікті қарбаласқа толы әдеттегі жұмыс күні Астана қаласын сумен қамтамасыз ету. Су – тіршілік көзі. Ірі қаланың өрмекшінің торындай сансыз құбырлары арқылы су жүргізіп, үздіксіз өмір нәрін беріп тұрудың қаншалықты жауапты міндет екендігін айтып жатудың өзі артық болар. Дегенмен, су құбырларын қала өмірін қамтамасыз ететін қан тамырларына теңесек, “Астана су арнасы” сол қан тамырларына нәр беретін жүрек сияқты. Ал 700 мыңға тарта тұрғыны, жүздеген өндірісі, мыңдаған маңызды мекемелері бар Астана қаласының қан тамырларына нәр беріп тұрған маңызды өндіріс орны бастығының “әдеттегі жұмыс күнінің” айрықша жауапкершілікке толы екендігі осыдан-ақ түсінікті. Күнделікті тіршілік күйбеңіне толы өмірімізде пәтерлеріміздің крандарынан тоқтаусыз ағып тұрған судың баға жетпес байлық екенін ескере бермейміз. Сансыз құбырлармен сарылдап ағып жатқан өмір нәрі – су бір сәт тоқтап қалса, қалыпты тіршілігіміздің сәні де, мәні де жойылар еді. Қаладағы су жүргізетін бір насос істен шығатын болса, жүздеген пәтерлер сусыз қалады. Ал краннан су ақпаса, көпқабатты үйлердегі қалыпты тіршілік дағдарысқа тіреледі. Сондықтан барлық саналы ғұмырын су шаруашылығымен сабақтастыра өткізген трест бастығы мұндайда кеңседе көсіліп отырмай, ақау шыққан жерден табылады.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау | | | Незнакомец, и все еще незнакомец |