Читайте также: |
|
1. Өндіріс шығындары – өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әр түрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.
2. Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма. Экономикалық пайда – жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма. Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.
3. Қысқа мерзімде фирманың өндіріс шығындары тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар және жалпы шығындар болып бөлінеді. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар ретінде сипатталады. Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзгеріп отыратын шығындар болып табылады. Ал жалпы шығындар тұрақты шығындар мен өзгермелі шығындардың қосындысы болып табылады. Ұзақ уақыт мерзімінде орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.
4. Өндірушілер көбінесе орташа шығындар шамасына көп көңіл бөледі. Орташа шығындар өнімнің бір бірлігіне шаққандағы жалпы шығындарды сипаттайды. Орташа шығындар орташа тұрақты шығындар, орташа өзгермелі шығындар және орташа жалпы шығындар болып бөлінеді. Ал өнімнің қосымша бірлігін өндіруге кететін қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды.
5. Изокоста (тең шығындар сызығы) – барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырыптың қысқаша мазмұны. | | | Тақырыптың қысқаша мазмұны. |