Читайте также:
|
|
1. Куәгердi, жәбiрленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәгердi, жәбiрленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 354-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару | | | Бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер |