Читайте также:
|
|
1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соттың үкімі немесе қаулысы бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасыру немесе иеленіп алу, сол сияқты соттың мүлікті тәркілеуді тағайындау туралы заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару –
бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 357-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету | | | Бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау |