Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астана қаласын сумен жабдықтау

Читайте также:
  1. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау
  2. Астана 2012 г
  3. Астана 2014
  4. Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества. Астана. 10 октября 2000 г. (ЕврАзЭС).
  5. Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества..Астана. 10 октября 2000 г. (ЕврАзЭС).
  6. Жылы 28 қарашада Алматы қаласында өкілдігі ашылды: Бірікен Ұлттар Ұйымы

Мазмұны

І. Кіріспе:

1. Сумен жабдықтау жүйелері;

ІІ. Негізгі бөлім:

2. Астана қаласын сумен жабдықтау;

ІІІ. Қорытынды;

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

Сумен жабдықтау жүйелері.

Сумен жабдықтау жүйе деген суды табиғи көзден қабылдап, оның сапасын қойылған талаптарға жеткізіп, пайдаланатын жерлерге тасымалдауға арналған инженерлік имараттар мен шаралардың кешені. Осыған байланысты сумен жабдықтау жүйесіне мыналар кіреді:

Ø Су қабылдайтын имараттар;

Ø Суды қажетті арынымен тұтынушыға жеткізетін сорғыш станциялар;

Ø Тазарту имараттары;

Ø Суды сақтау мен реттеуге арналған сыйымдылықтар;

Ø Суды үлестіру мен тұтыну жеріне тасымалдауға арналған су өткізуші құбырлар және үлестіруші тораптар.

 

Астана қаласын сумен жабдықтау

“Судың да сұрауы бар” деген даналық сөздің астарына адам ден қоя бермейді. Қазір Астана қаласы тәулігіне 200 мың текше метр су тұты­нады. Тәулігіне шаққанда Аста­наның әрбір тұрғыны 250 литр су шығындайды. Қаланың жыл бойы тұтынатын су көлемі 60 миллион текше метрден асады. Ішетін бұлағыңның көзін ашып тұрмасаң, қайнардан шығатын судың да сарқылатыны белгілі. Біз тұтынатын су жүздеген ша­қырым қашықтықтан құбыр ар­қылы жеткізіледі. Осы су аста­налық әрбір пәтерге жетіп тұру үшін 100-ге тарта насос стан­сасы күні-түні тоқтаусыз жұмыс істейді. Қаланы тіршілік нәрі – сумен күнделікті қаматамасыз етіп тұру үшін мыңдаған адам қызмет көрсетеді. Осындай күрмеуі күрделі өн­діріс орталығының барлық жауап­кершілігін арқалап, ірі ұжымға бас­шылық жасау – өмір­лік тәжірибесі мол, су ша­руашылығы саласының қыры мен сырын жете меңгерген бі­лікті де, білімді маманның ғана қолынан келері анық.

Осы Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану ережесi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексi 38-бабының 1-тармақшасына, 65-92-баптарына, 95-бабының 5-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 9-бабының 29- тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгi ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 19 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес әзiрлендi. Ереже азаматтығы мен меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың орындауына міндетті Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы аумағында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін реттейді. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалану бойынша қызметтерді қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары, басқару уәкілетті органдары, мекемелер басшылары, қаланың су пайдалану кәсіпорындары бағыттайды және ұйымдастырады.

Астана қаласының сумен жабдықтау сұлбасына келетін болсақ, сумен жабдықтау сұлбалары жүйедегі инженерлік имараттар мен тораптардың өзара орналасуын көрсетеді. Сумен жабдықтау сұлбасы біріншіден сумен қамтамасыз ететін көздердің түріне байланысты. Сумен жабдықтау сұлбасына мысал:

 

 
 

       
       
       
       
       

 

 


Мұндағы,1 – су қабылдау имараты болып табылады. Өзеннен келген суды қабылдап отырады. 2 – бірінші көтеру сорғыш станциясы; 3 – су тазартқыш имараттары, яғни келген суды тазартып келесі жүйеге жібереді. 4 – таза су резервуарлары, яғни тазартылған сулар келіп, осы резервуарға құйылады. 5 – екінші көтеру сорғыш станциясы; 6 – су өткізуші құбырлар, яғни суды қалаға жіберу үшін арналған құбырлар. 7 – арынды мұнара немесе резервуар, яғни қалаға жіберетін суды сақтайды. 8 – қаланың су құбыр тораптары, яғни әрбір үйге суды жеткізіп тұрады.

Өзен-су ресурстарына бай Жапония суды пайдаланудың ең тиімді тәсілдерін меңгерген ел ретінде мақтана алады. Сондықтан да күн шығыс елінің үлгісін пайдалану тиімді деп табылып, арнайы бағдарлама жасалды. Жапон үкіметінің 215 млн. доллар көлемінде бөлген грантын иеленіп, нәтижесінде қаламыздағы ауыз су мен оны пайдалануды дұрыс жолға қою мәселесі шешімін тапты. Ауыз су мәселесі тек бір бағытта ғана жүргізілген жоқ. Судың жоғары дәрежедегі тазалығына жету үшін су құбырлары жүйесінің кешенді бағдарламасы жасалып, бірнеше сүзгі станциялар салынды. Қаланы негізгі ауыз сумен қамтитын Вячеславск су қоймасының су жинау көлемі ұлғайып, ондағы судың тазалығын қамтамасыз ететін филтрлердің жұмыс қабілетін бақылау мен қадағалау ең негізгі мәселеге айналды. Айтылған ауыр сын мен ескертпелер де өз нәтижесін берді, көп уақыт өтпей-ақ, су құбырлары арқылы келетін сулар шын мәнінде тазарып, өңі өзгере бастады.

Бүгінгі күні елорданың барлық су сүзгіш станциялары «цеолит» атты химиялық элементтің көмегі арқылы судың сапасы мен түсін жақсартуға мүмкіндік алды. Сонау тың игеру жылдары мен кеңес дәуірінен қалған канализациялық құбырлар мен ауыз суды жеткізетін магистраль жүйелердің әбден ескіргені белгілі. Болат құбырлардың ең жоғарғы пайдалану мерзімі 10 жыл екенін ескерсек, қала су жүйесіндегі қиыншылықтардың беті ашылатыны рас.

Қалада жыл сайын ішкі жүйедегі үзілген құбырлар бойынша 950-ге жуық жөндеулер жүзеге асырылады. Уақыты өткен, қолданыстан шығаруды күтіп тұрған осындай құбырлардың жайы негізгі мәселенің бірі. Үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын он шақты километрдегі жүйелер жаңартылады, одан кейін оң жағалаудағы бұрынғы үйлердің су құбырлары жолдарын жөндеу мен қала аумағына кіретін жаңа поселкелерге канализациялық құбырлар жүргізу мәселесі кезекте тұр. Қазіргі кезде жапондық үлгі бойынша 100 мың қала пәтерлеріне есептегіш құралдар орнатылды. Алдағы үш жылда мұндай есептегіштер әрбір үйге орнатылады.

Есіл өзені мен Вячеславск жасанды су қоймасы қаланың негізгі су көзі саналады. 1969 жылы Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының жобасы арқылы жүзеге асқан су қоймасынан келетін су жалпы ұзындығы 1000 шақырымдық, екі бөлікке бөлетін торап арқылы қалаға жеткізіледі. Қажет болған кезде Ертіс-Қарағанды каналы арқылы су тартатын құрамында екі сусорғыш станциясы бар қосымша су жинағын пайдалануға болады. Соңғы екі жылда Вячеславск су қоймасында су жинау 20 пайызға артты, бұл қаланың су тұтынуға деген сұранысы екі есеге артқанын айғақтайды.

Қала пәтерлеріндегі су құбырыларынан әлі де болса қатты әрі дәмсіз су келеді Алайда бүгінгі күні қала ауыз суының сапасыздығы жайлы айтылған әңгімелердің бәрін бірдей рас деуге келмейді. Эпидемиологтар жүргізген зерттеулерге қарағанда, Астананың ауыз суы республика бойынша орташа деп белгіленген көрсеткіштерден 3 есе жоғары тұратын көрінеді. Олардың бұл пікірін, эксперттер де растаған. ПРООН есептері бойынша, қала тұрғындары құбыр арқылы келетін, сапа көрсеткіші бойынша ең жоғары баға алған таза суды тұтынады. Тұрғындардың төрттен бірі бөтелкелерде сатылатын ауыз суды тұтынатын болса да, тұрғындардың тең жартысы қазіргі ауыз су сапасына бәлендей арыз-шағым айтпайды.

Бүгінгі күні «Астана су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кең көлемді жұмыстарды жоспарлап отыр. Бұғанға дейін атқарылған істердің ауқымын «жеңіл» арсеналдар атқарса, ендігі кезекте «ауыр да көлемді» шаралар басталмақ. 2009 жылдан бастап, Вячеславск су қоймасына бастан-аяқ қайта жөндеу жүргізіліп, суына сынап араласыпүлгерген Нұра өзенін тазарту шаралары іске асады. Қомақты қаржыны талап ететін мұндай жобаларға сумен жабдықтаушылар әзірден дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Мамандар мұндай күрделі тазарту шараларынан кейін Астанадағы тұтынатын судың сапасы бұдан да жақсара түсетінін айтып, қуантады. Астананың өркендеуіне бүкіл әлем көз тігеді. Сондықтан да оның тұрмыс пен тіршілікке қатысты ірілі-ұсақты проблемалары тек өз еліміздің азаматтары үшін ғана емес, Қазақстанмен қандай да болсын байланыс орнатқысы келетін шетелдіктер үшін де аса маңызды.

Астана қаласының жер үсті су объектілері – Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан кеме қатынасы санатына жататын Есіл өзені бассейніндегі су қоймалар ортақ су пайдаланудың су жолдары болып табылады. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 қарашадағы № 849-I бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында жүзу ережелерiне сәйкес, қауіпсіз жүзуді сақтаумен, барлық кеме қозғалысы меншік түріне және тиесілігіне қарамастан, Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы аумағында Есіл өзені бассейнінің кеме жолы бойынша жүзеге асырылады. Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасындағы су нысандарында кеме тоқтайтын орындар көліктік бақылау саласындағы тиісті органмен келісу бойынша Астана қаласы аймағындағы жолаушылар көлігі шеңберіндегі мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға қала әкімдігімен, уәкілдік берілген атқарушы органның рұқсатымен бекітіледі. Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шегіндегі нысандарда арнайы бөлінген жерлерден тыс орындарда кемелердің тоқтауына тыйым салынады.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Висновок| Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)