Читайте также:
|
|
1. Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарай шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей заңсыз араласу, егер бұл әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне ірі залал келтіруге әкеп соқса, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
а) лауазымды адам;
б) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы;
в) ұйымдасқан топ жасаса, -
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сағаттан жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а) жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам;
б) аса ірі мөлшерде;
в) ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасаса, -
екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз елу сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген залал iрi залал деп танылады.
2. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада азаматқа келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал аса iрi залал деп танылады.
Ескерту. 13-тарау 310-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу | | | Бап. Пара алу |