Читайте также:
|
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы - жеке тұлғаның, ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі) -
айлық есептік көрсеткіштің үш мыңнан алты мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не айлық есептік көрсеткіштің екі мыңнан төрт мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 216-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 N 72 IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
217-бап. Жалған банкроттық
Заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң әрекеттері және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде кредиторларға тиесiлi төлемдерді кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борыштарын азайту, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрiнеу жалған хабарлау, егер бұл әрекет iрi залал келтiрсе, –
сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 217-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз iс-әрекеттер | | | Бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану |