Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аумақтың радиоактивті ластануы

Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық қүрылымы | АҚ құрамалары, оның мақсаты мен қүрылу тәртібі | Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар | ТАБИҒАТТАҒЫ ТОСЫН ЖАҒДАЙ | Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері | II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ | Сәулелену дозасы туралы түсінік | Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі | ТМД елдеріндегі ядролық реакторлардың үлгілері | АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы |


Читайте также:
  1. РАДИАЦИЯ КӨЗДЕРІ, ТАБИҒИ РАДИОАКТИВТІЛІК, ЖЕРДІҢ РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУЫ

Радиациялық авария — радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағынан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардыц негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер жэне радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады.

Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықгай ықпал етеді:

— радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

— метеорологиялық және климаттық факторлар

— авария салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.

Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мұндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті йод (йод — 131) болып табылады.

Активтиктің кейіннен әлсіреуі бірнеше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан ұзақ уақыт бойы радиациялык, ахуалдың серпініне негізгі үйлесті биологаялъгқ қауіпті цезий — 137, стронций — 9, плутоний — 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.

Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар ұшырайды. Ғимараттар, коммуника­ция, технологиялық қондырғы, көлік құралы, мүлік, материал мен азық-түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға ұшырайды.

Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келеді.

Ортаның радаоактивіі ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлемді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақұрылым элементтері, тұргын үй, әлеумет тұрмыс объектілері, ауыл-шаруашылыгы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әртүрлі табиғат объектілері бар бірталай аумақ шығарылады.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 338 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
РАДИАЦИЯ КӨЗДЕРІ, ТАБИҒИ РАДИОАКТИВТІЛІК, ЖЕРДІҢ РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУЫ| Адамға сәуле алудың қауіпі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)