Читайте также:
|
|
Иондаушы сәулеленулер тірі организммен ықдалдасқан кезде олар энергиясын ағзаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Организм сәулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе радионуклид қоспасынан алуы мүмкін. Бүл жағдайда сәулелік су көзіне организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен ауамен келуі нәтижесінде оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің нақты жағдайына байланысты бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығын және бұның қай уақытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептеледі.
Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері сіңірілген дозаның бірдейлігі кезінде альфа сөулеленудің бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескеріледі. Сондықтан дозаның келесі түрі эквивалентті доза болып табылады, ол сәулеленудің осы түрінің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілгені, сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1рад хк =1бэр; 1 Грхк=1 Зв (зиверт). Алайда, эквивалентті доза әр түрлі ұлпалардың сәулеленуді әр түрлі сезетіндігін ескермейді. Дененің бұл мүшесі басқасына қарағанда анағұрлым сезімтал:мысалы, сәулеленудің бірыңғай эквивалент дозасында қатерлі ісік қалқанша безге қарағанда өкпеде жылдамырақ пайда болады, ал жыныс бездерінің сәулеленуі генетикалық зақымдану салдарынан аса қауілті. Сондықтан әртүрлі ұлпалар мен органдар үшін тиісті коэффидиенттер енгізіледі. Эквивалентгі дозаларды осы коэффициентгерге көбейтіп және барлық ұлпалар мсн организмдар бойынша қосып, организм үшін сәулеленудіц жиынгық әсерін көрсететін тиімді эквивалентті дозаны аламыз.
Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалент доза жолы тиімді эквивалент доза) тек жеке алынған дозаны көрсетеді. Егер адамдар тобы алған тиімді эквивалент дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімді эквивалентті дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкіл хайуанаттардыд немесе сол аумақта тұратын халықтың денсаулығына аса қатты әсер етеді.
СИ Халықаралык бірлік жүйесіндс дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр). Сіңірілген дозаны бағалау үшін, сондай-ақ РАД =0,04 1/кг; ІГр = 100 Рад жүйеден тыс бірлігі пайдаланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңірілген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясының санын білдіреді.
Сіңірілген доза қаупылығын бір секуңдтағы (р/с) рентген үлесі бірліктерімен өлшеу кеңінен жайылған, бір секундтағы милирентген (мр/р), бір секундтағы микрорентген (мкр/с), бір сағаттағы микрорентген (мкр/с). Бұл бірліктерде (мкр/с) әдетте тұрмыстық дозиметрлердің ақпараты беріледі.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 567 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ | | | Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі |