Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТАБИҒАТТАҒЫ ТОСЫН ЖАҒДАЙ

I тарау . Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету | ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДЫҚ ШАРАЛАРЫ | ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның өкілеттігі | Quot;Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері | Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық қүрылымы | АҚ құрамалары, оның мақсаты мен қүрылу тәртібі | II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ | Сәулелену дозасы туралы түсінік | Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі |


Читайте также:
  1. II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ

Табиғаттағы тосын жағдай -бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижссінде және оныңөміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы ауралар.

Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.

Тосынжағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады

Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тірішілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялық жабдық, дабыл мен байланыска арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құрал дары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар

Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құралдардың болуы) және климаттық-географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманда жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.

Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-кслген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін гана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген соз. Оған дайындалу -тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруте болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына "жабайы" демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияықты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.

Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір-ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен құстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шел қыспағынан жан тәсілін етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенін, тамақ пен тұрақ табуға және адамдарға оралу керектігіи ұғынуына тиіс. Алғашқыда медициналілқ көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды багдарлап, іздеу басталады.

 

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 375 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар| Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)