Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТМД елдеріндегі ядролық реакторлардың үлгілері

ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның өкілеттігі | Quot;Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері | Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық қүрылымы | АҚ құрамалары, оның мақсаты мен қүрылу тәртібі | Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар | ТАБИҒАТТАҒЫ ТОСЫН ЖАҒДАЙ | Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері | II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ | Сәулелену дозасы туралы түсінік |


Читайте также:
  1. КСРО Министрлер Кеңесі қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон түйіскен үш облыстың жері: Семей, Павлодар, Қарағанды
  2. Семей полигонында алғаш ядролық сынақ өткізілді: 1949 жылы
  3. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз

ТМД-дағы атом энергетикасының дамуы жылу (баяу) реакторларға және шапшаң нейтрондардағы реакторларға негізделеді.

Жылу нейтрондарындағы реакторларға ВВЭР — 440, ВВЭР

— 1000, ВВЭР — 210, ВВЭР — 365 корпусты реакторлар жата­ды. ВВЭР — 440 реакторлары Нововоронеж (3 жәнс 4 блоктар), Кольск, Ровенск, Армян және т.б. АЭС-терде орнатылған.

Реакторлар қызметкерлерді нейтронды және гаммалық сәулеленуден биологиялық қорғайтын бетон қалталарда орналасқан.

ВВЭР - 1000 реакторы ТМД-дағы ядролық-энергетика жүйесінің негізгі үлгісі болып табылады.

ВВЭР үлгісіндегі реакторларымен қатар РБМК канал үлгісіндегі үлкен қуатты уран-графит реакторлары қолданыла бастады, мұнда реакцияны баяулатқыш графит, ал жылу өткізгіш су болып табылады. ТМД-да алғашқы тәжірибелік-өнеркөсіптік шапшаң нейтрондардағы қуаты 12 мгвт реак­тор 1968 жылы Дмитровградта салынды.

Реактордың қуаты ядролық отынның мөлшеріне байланысты. Осылайша, уранның жалпы жүктемесі төмендегідей: ВВЭР —440—42 т, ВВЭР —1000-66т, РБМК — 1000 (Чер­нобыль реакторы) —192т.

Қазақстандағы Ақтау қаласында 1972 жылдан бастап БН

— 350 реакторы пайдаланылады. Оның қуатының үлкен бөлігі суды тұшылту үшін пайдаланылады. БН — 350 номиналдық параметрлермен жұмыс кезінде құбыр генераторлары мен тұшылту қондырғыларын бумен қамсыздандырады. Бұлай ету электрэнергиясын 30%-ке дейін және өнеркәсіп дистиланатын 90% -ке дейін өндіруге мүмкіндік береді.

ВВРК — 10 реакторында сейсмодатчиктары негізінде көп мәрте қолданылатын арнайы қондырғы жасалынды, ол жиілігі 9 баллға дейінгі жер сілкінісі кезінде реакторды автоматты түрде ажыратуга тиіс, бұл жағдайда реактор атмосфераға улы заттың шығуын болдырмайтын күйге келтіріледі.

Алайда бұған қарамастан, реактор төңірегінде радиусы 3 км санитарлық қорғау аймағы бар. Авариялық улы зат шығу кезінде (3 тәулік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулелену дозасының 0,32 бэр құрайтындығына, яғни 0,50 бэр құрайтын шекті жол берілетін дозадан аз болатындығына есептелген, алайда қалқанша бездің сәулелену дозасы ШЖД —1,5 бэр кезінде 92 бэр болады сондықтан радиусы 3 км аймактан халықты уақытша көшіру қажет.

10 км аймағында 3 тәулік ішінде сыртқы сәулелену доза­сы ШЖД — 0,5 бэр кезінде 0,06 бэр құрайды, ал ШЖД 1,5 кезінде қалқанша бездің сәулелену дозасы 18 бэр қүрайды, яғни 10 км радиусында адамдардың тіршілігін уақытша шектеуге тура келуі мүмкін (көшірусіз).

Алматы қаласында реактордан 30 км радиусында сыртқы сәулелену дозасы анағұрлым төмен болады, ал қалқанша бездің сәулелену дозасы В тобындағы халық үшін ШЖД дсңгейінде болады (0,55 бэр).

1998 жылы 23 сәуірде "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осы заң халықтың радиоактивті қауіпсіздігіне қамсыздандыру оның денсаулығын иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі| АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)