Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы

Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар | ТАБИҒАТТАҒЫ ТОСЫН ЖАҒДАЙ | Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері | II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ | Сәулелену дозасы туралы түсінік | Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі | ТМД елдеріндегі ядролық реакторлардың үлгілері | АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы | РАДИАЦИЯ КӨЗДЕРІ, ТАБИҒИ РАДИОАКТИВТІЛІК, ЖЕРДІҢ РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУЫ | Аумақтың радиоактивті ластануы |


Читайте также:
  1. Сәулелену дозасы туралы түсінік
  2. Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі

Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытынша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азаюымен сипатталады. 150—200 рад доза сәуле алған кезде дамиды. Орташа дәрежедегі сәуле ауруы 200 — 400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады. Бұл жағдайда жағдайдың нашарлауы, уақытша жемнен бас тарту, іш өту, дененің қызынуы, 5 — 8 жасар қойларда жүннің түсуі байқалады. Лейкоциттер саны 50%-ке, ал лимфациттер 75%-ке азаяды. Айтарлықтай ушығу болмай және тиісті емдеген жағдайда мал сауығады, кей жағдайларда шетінейді.

Ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 400 — 600 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол қатты нашарлағанда, дененің темпера­турасы көтерілгенде, кілегейлі қабықтарымен терідегі қан айналымындағы лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер санының күрт төмендеуінен пайда болады. Малдың іші өтеді, қаны қоюланады, дененің салмағы азайады. Емдеусіз малдың 60%-не жуығы шетінейді. Емдеу кезінде ұзақ уақыт бойында мал өте баяу сауығады.

Өте ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 600 — 750 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол мұндай жағдайда жылдам, ауыр өтеді, хайуанаттар 10—15 күнде шетінейді, ал өте үлкен доза алғанда одан тезірек шетінейді.

Организмдегі сәулелену жалғасатын болса, қалпына келу процесі өтеді. Осыған байланысты бір әсер тудыратын сәулеленудің жиынтық дозасы сәулелену жалғасқан кезде бір рет сәулеге ұшырағаннан гөрі жоғарырақ болады.

Бета-бөлшектерінің сыртқы әсері тері ұлпаларында "бета-күйікгі" тудырады. Адамдардың мойнының, белінің, басының төңірегі, ал малдардың арқасы, яғни радиоактивті шаң тұрып қалған жерлерде күйік пайда болады. Сонымен қатар шөппен қореқтенетін малдарда шөп жеген уақытында бета-сәулелену нәтижесінде беттерінің радиациялық зақымдануы жиі байқалады.

Адам мен малдың радиациялық заттармен ішкі зақымдануы организмге ең алдымен олардың тамақпен бірге өтуінен болады. Радиациялық заттардың біршама бөлігі ас қорыту жолына түскен кезде сорылады, ал қалған бөлігі ішекке өтіп организмнен бөлінеді. Сөйтіп кілегейлі қабықты зақымдай отыра, ас қорыту органдарының жұмысын тұрақ сыздаңдырады.

Сорылған радиоактивті өнімдер организмге өте ретсіз таралады. Олар әсіресе қалқанша безде жинақталады (басқа ұлпалармен салыстырғанда 1000 — 10 000 есе артық). Өте үлкен дозалармен сәулеге ұшыраған кезде органдар бүлінеді немесе оларда ісік пайда болады (қалқанша без) я болмаса жұмысы айтарлықтай бұзылады (бауыр).

Қалқанша және сүт бездерінде, мысалы, йод изотоптары, сүйектерде, стронций, барий, цирконий изотоптары, бауырда цезий, прометий изотоптары жинақталады; церий, ру­тений, рубидий, изотоптары организмде бүкіл ұлпалар бой­ынша бір қалыпты орналасады.

Суға түскен ядролық бөліністің жас өнімдерін оның мекендеушілері жұтады олар қай организмде болмасын әртүрлі таралады. Егер, мысалы, барлық организмдерде жиынтық радиоактивтілікті 100% деп алсақ, оның көлемінің 65% ішкі органдарда, 10,5% желбезекте, 19% жүзу жарғағында, 3% бұлшық етте және 2,5 % сүйекте кездеседі.

 

Радионуклидтерден ауылшаруашылық өсімдіктері азық-тулік пен судың ластануы.

Радиоактивті шаң топырақ пен өсімдіктерді ластайды. Бөлшектердің көлеміне байланысты өсімдік бетіндегі жерге түскен радиоактивті шаң 8 — 25 пайызды құрайды. Атап айтқанда, өсімдік бетінде көлемі кемінде 44 микрон (қалың шөп өскен жерде) бөлшектер 25%-ке дейін, көлемі 1 — 2 микрон бөлшектер 25%-ке астам және қатты жауын-шашында 50%-ке дейін бөлшектер сақталады. Бұл көрсеткіштер алаң бірлігіндегі шөптің қалындығына (шөп қалың болған сайын радиоактивті жауын-шашын ұзақ сақталады), жапырақтың түріне және оның үстіңгі бетінің сипатына байланысты.

Табиғи жағдайларда радиоактивті шаңды үстіңгі беттен жел ұштырып алып кетеді және жаңбыр шайып кетеді. Осының, сондай-ақ вегетативті массаның өсуінен жайылымдық өсімдіктердің радиоактивтілігі екі аптадан кейін орташа екі есе азаяды. Мерзім жартылай тазару мерзімі деп аталады.

Өсімдікке гамма-сәулелер мен бета-бөлшектері, әсіресе үстіңгі бетте жиналғандары зақымдағыштық әсер етеді. Бета-бөлшектерінің өткіш қасиеті шамалы болсада, олар өсімдіктің жапырақтары мен өсіп-өну органдарын зақымдауға толығымен жеткілікті. Өсімдіктерді зақымдаған кезде жұтылған дозадағы бета-сәулелерінің үлесі гамма-сәулелерінің үлесінен 10-20 рет артық. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге өте сезімтал келеді, ал өсімдіктердің әрбір түрлері мен сорттарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық тұқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде. Бұршақ тұқымдастар бутонизация — гүлдену кезінде иоңдаушы радиацияның әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің тұқымдарыньң пісуі аяқталуы кезіндегі сәулеленуі өнім көлеміне әсер етпейді, өйткені олардың қалыптасуы бұл кезде іс жүзінде аяқталған. Алайда бұл жағдайда сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астық ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады.

Таблицада ауылшаруашылығы дақылдары мен ағаштар үшін сәулеленудің жойғыш дозасының көлемі келтірілген.

Зақымданған аудандағы халықтың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау тәртібін АҚ және ТЖ органдары билейді, олар радиациялық ахуалдың сипаты туралы хабарлап, не істеу керектігін түсіндіреді.

Өсімдіктің түрі Сәулелену дозасы (рад) Ағаштар өсімдіктердінтүрлері Сәулелену дозасы (рад)
Пияз   Қара бидай  
Сүлы   Арпа  
Ж үгері   Бидай  
Қырыққабат   Бақша бүршағы  
Қызанақ   Орамды қарагайы  
Күріш   Көгілдір шырша  
Зығыр   Жапон бал қарағайы  
Картоп   Буланғыш түт  
Қантты қызы лша   Қайың  
Тмсс   Қызыл емен  
    Қызыл үйеңкі  

Тоңазытқыштарда, ас үйдегі столдарда, шкафтарда, жерт-оледе, шыны және эмалданған ыдыста, полиэтилен қапшығында сақталынған азық-түлік пайдалануға жарамды.

Топырақ қыртыстарының астындағы тамырлы жемістер іс жүзінде радионуклидпен ластанбайды.

Радиоактивті заттармен ластанған картопты, сәбізді және басқа тамырлы жемістерді мұқият жуып тазалаған жөн. Бұдан кейін қабығымен қоса 5мм қабатып кесіп, тамаққа пайдалануға болады. Азық-түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоактивті зақымдауға ұшырайтынын есте сақтаңыз. Үстіңгі қабатын алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.

Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымданған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Ең жақсысы консервіленген сүтті пайдаланыңыз (құрғақ немесе қойылтылған). Егер сіз сүтті ішуге жүрексінсеңіз, одан сүзбе әзірлеңіз, онда радиоактивті элементтер саны жүздеген есеге азайып, сары суда қалады. Сондықтан олар қаймақта аздау, кілегейде көбірек, ал сүтте ішектен тыс. Тексерілмеген сүтті балаларға беруге болмайды. Егер майды табада шыжғырса, зиянды элементтер толығымен буланып ұшып кетеді.

Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті "итеріп шығаратын" биохимиялық ерекшелігі бар. Содан жасалынған сорпаны ісікауруларына қарсы пайдаланылатын дәрі-дәрмектің қатарына басты жатқызуға бола­ды. Капустадан зақымдану белгілері — сүр жұлдызшаларды ажыратуға болатын жапырақтағы үш үстіңгі қабатын алып тастағанжөн. Түрлі-түсті капустаны, тошаланы, қызыл қара-қатты жемеген дұрыс — олар жылдам бүлінеді.

Алма пайдалы, өйткені онда ағаш пен жемісті радиоактивті әсерден қорғайтын темір бар. Жемес бұрын шамамен 5мм қабығын аршып, ортасын кесіп тастаган жөн. Қалғандарын батылжеуге болады.

Жүзімді, мейізді, кептірілген өрікті сүйегін алып тастап көбірек жеген жақсы. Өйткені олардың құрамында радиоактивті элементтерді организмнен бөліп шығаруға қабілетті пигмент бар.

Жергілікті асханалардағы қызылшадан гөрі қызғылтым сәбізді жеген жақсы. Сәбізді әкелінген бойда тазартылмаған май қосып пайдаланған дұрыс, өйткені ол А витаминін бөліп шығарады. Зақымдалған сәбіз ақшылтымдау болады. Одан өрнекті сурет көрінеді.

Сиыр етін аз жеген жақсы. Майы көп шошқа еті пайдалы. Котлетті мүмкіндігінше жасамаған дұрыс. Өйткені әзірлеу барысында радионуклидтер тамақта қалады. Тартылған етті әуелі қайнатып, сорпасын төгіп тастағаннан кейін жеуге бо­лады. Дастархан мәзірінен дірілдек пен сорпаны алып тастағаны жөн. Қайнатылған жұмыртқаны жеуге болмайды, өйткені қайнаған кезде қағаздағы радиоактивті стронципі жұмыртқаның сарысына өтеді. Кофе мен какао организмде радионуклидті ұстап қалады. Ал көк шәй зиянды заттарды бөліп шығарады. Сәбіз-алма езбесін ішінара табиғи дәрі-дәрмеккс жатқызуға болады.

Ұйықтардың алдында мүмкіндігінше зығыр оттың, тікенді қара өріктің нәрін ішкен жақсы. Жалбыз бен сермене басқа өсімдіктерден гөрі радионуклидтерді жақсы сіңіреді. Жалпы сұйықты көп ішкен жақсы. Күніне үш рет ас қасықпен қызыл шарапты ішкен жақсы.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Адамға сәуле алудың қауіпі| АТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР МЕН УЛАҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)