Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану

Бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару | Бап. Заңсыз сыйақы алу | Бап. Рейдерлік | Бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату | Бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру | Бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу | Бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу | Бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу | Бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату | Бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату |


Читайте также:
  1. Абылдап-жөнелту жолдарын пайдалану дәрежесі.
  2. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау
  3. Бап. Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану
  4. Бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану
  5. Бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану
  6. Бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшiсiнiң өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну| Бап. Коммерциялық сатып алу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)