Читайте также:
|
|
1. Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, –
бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Билік өкілі, мемлекеттік қызметші, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметшісі, сол сияқты мемлекеттік мекеменің, коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметшісі жасаған дәл сол әрекеттер, –
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, өндіріп алу қылмыс жасалу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру –
төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзу, сол сияқты әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатында қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерінен өз бетімен кетіп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жеріне демалыс және мереке күндерін есептемегенде бес тәулік ішінде бармауы –
бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 362-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау | | | Бап. Қылмысты жасыру |