Читайте также:
|
|
1. Бейбіт уақытта жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен тастап кетушілік бір айдан ұзаққа созылса, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, егер өз бетімен тастап кетушілік бір тәуліктен ұзаққа созылса, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұзақтығына қарамастан, ұрыс жағдайында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, -
бес жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 372-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10 N 177-IV Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
373-бап. Қашқындық
1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бойынша сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшi, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
Ескерту. 373-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2009.07.10 N 175-IV, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 391 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi | | | Бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару |