Читайте также:
|
|
Тренингтi жүргiзушiнiң тұлғалық ерекшелiктерi, кәсiпқойлық бiлiмi және әрекетшiлдiгi қатысушылардың тұлғалық дамуына әсер ететiн негiзгi құрал болып табылады. жұмысының соңғы корытындысы топ жургiзушiсiнiң жеке стилі, бiлiмi, тәжiрибесiне байланысты сәтті аяқталуы мүмкiн. Жаттығулар, ойындар, психологиялық техникалардың косындылары және қабылдаулар шебер қолындағы негiзгi құрал-жабдықтар деп те айтуға болады. Бұл кұралдарды қолданудың нәтижесi бiрiншi орында шебердiң тұлғасына, оның кәсiпкойлығына және кұрылының сапасына байланысты. Психологиялық бағытының парадигмасы немесе оның қандай мектептi ұстанғандығының қажетi шамалы. Шебер өз жұмысынның қорыттындысы қалай аяқталатының және осы корытындымен не iстеу керек екенiн нақты елестетуi қажет. Әсiресе мұндай жағдайды жүргiзушi топпен жұмыс жүргiзгенде доминирлiк ролдi қолданады. Топпен жұмыста жүргiзушiнің позициясы, стилi, жұмысты жүргiзу әдiсi біркелкi болмайды. Олар қатысушылардың қажеттіліктерiне, толтық ситуацияларда, топтың даму деңгейiне байланысты туындап отырады.
Тренинг жүргiзушiнің қызметтерi
Жүргiзушi психологиялық тренинг барысында бiрнеше қызметтер атқарады. Н.В.Клюева келесiдей қызметтердi атап көрсетедi
1.Басқару қызметi.Тренинг барысында жұмыс құрылымдық модель арқылы жүзеге асады. Жүргiзушi топтың жұмысының негiзгi мақсатын анықтап, өңдеп, бағдарламаға сай келетiн кызметтi жүзеге асырып, топтың ережелерi мен нормаларын еңгiзедi, сабақтың методолгиялық ерекшелiктерiн қарастырады.
Басқару позициясының көрiну деңгейi, тренингтi жүргiзу формасы және жүргiзушiнiң жеке стилiне байланысты.
Бiрақ ол қатысушылардың құштарлығына әсер етпеуi керек және барлық жауапкершiлiк жүргiзушiге жүктелмеуi керек.
2. Аналитикалық қызмет. Жүргiзушi анализ жасап, топта болыт жатқан кұбылыстарға комментарий бередi.
Комментарий мынадай түрде айтылады:
А) Топта болып жатқан кұбылыстарды өзiнің бақылауы нәтижесiнде сипаттау;
Б) Қажәттi аппаратты колдану арқылы топтағы кұбылыстардың түрлерi мен санын көрсету;
В) Топтың әрi қарай қозғалуына ықпал ететiн гипотезаларды айту және ситуациялардың дамуының шешiлу жолдарын айту.
3. эксперттiк қызмет. экспертиза ситуациялар мен мәселелерге байланысты туындаған өзекетi ақпарат арқылы жүзеге асады. Жүргiзушi қатысушыларға топта болып жатқан кұбылыстарды бағалауға және ажыратуға комектеседi.
4. Арадық қызмет. Бұл топтық процесстердiң ұйымдасуымен байланысты. Жүргiзуші топқа қиын мәселелер мен жағдайлара туындағанда араласып, көмектеседi.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 565 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Екінші саты – саналау. | | | Психологиялық тренинг жетекшісі іс-әрекетінің этикалық аспектілері. |