Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адамның психологиялық феномендерінің ниеттенген өзгерістерінің метакөрсеткіштері.

Глоссарий | Психологиялық тренингке кіріспе. | Тренинг түсінігі. Тренинг алдан ала қаланған өзгеріс әдісі ретінде. | Психологиялық тренинг жөнiнде жалпы түсiнiк. | Практикалық сабақ 4 сағ. | Жұмыстың топтық формасының көп функционалдылығы. | Згеру мәселесіне философиялық келіс. | Згеру мәселесі жөнінде батыс және шығыс философиясы. | Згеру мәселесіне психологиялық келістер. | Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы |


Читайте также:
  1. Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
  2. Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу
  3. Бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру
  4. Бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы
  5. Згеру мәселесіне психологиялық келістер.
  6. Леуметтік психологиялық тренинг.

Ниеттелінген өзгеріс алдын ала ойластырылған, ойланып түзетілген, қандай да бір алдыңғыны өзгертетін өзгеріс. «Ниеттелінген өзгеріс» түсінігіне қатысты жалпы категория «қоғалыс» категориясын жатқызуға болады. Қозғалыс түсінігімен байланысты өзгеріс категорясымен анықтауға да болады. Қозғалыс «материяның пайда болу тәсілі, оның маңызды атрибуты, жалпы өзгеріс» ретінде анықталады. Даму – қайта оралмайтын және бағытталған материалдық және идеальдық обьектілердің сапалы өзгеру заңдылығы.

Психиканың дамуы уақыт бойынша психикалық процестердің сандық, сапалыұ және құрылымдық қайта құрылуында көрінетін заңды өзгерісі және өзгерістің қайтарлмас сипаты. Өзгеріс барлық объектілер мен болмыстың неғұрлым жалпы формасы, барлық қозғалысты және өзара әрекетті, бір күйден екінші күйге өтуді көрсетеді. Өзгеріс өзіне барлық дененің кеңістіктік алмасуын, ішкі қозғалыстық форма, барлық даму процессін, сондай ақ әлемдегі жаңа құбылыстың пайда болуын көрсетеді.

Тренинг теориясына қатысты неғұрлым адекватты, әмбебап түсінік «ниеттелінген өзгеріс» түсінігі: ол тең дәрежеде қатысушылардың өзара әрекетінде болып жатқан өзгерісті бейнелейді. Өзара әрекетке қатысушылар өзгерістің субьектісі бола алады, егер олардың өзі өзгеретін болса. «Ниеттелінген өзгеріс» түсінігі өзгерістің мақсатын, процессін және нәтижесін адекватты бейнелейді, олардың саналанған сипатын көрсетеді. Ниеттелінген өзгеріс өзара әрекет субъектілерінің тұлғалық және кәсіби болмысын горманизациялауға бағытталған, саналанған белсенділігі ретінде анықталады. Ниеттелінген өзгерістің теориялары: психоаналитикалық, мінез-құлықтық және гуманистік концепциялар.

Адамның психологиялық феномендерінің ниеттенген өзгерістерінің метакөрсеткіштері: психологиялық уақыт және психологиялық кеңістік.

Психологиялық уақыттың көрсетілуінде кез келген теория адамның немесе топтың күйінде өткен, осы шақ және болашақтың рөлін анықтайды, ниеттелінген өзгерістердің мүмкіндігін және өз уақытын анықтайды жәнебелгілі бір аргументтерге с.йене отырып олардың жалғасымын тіркейді.Уақытта өмір сүре отырып адамдар өз өмірін ретроспективті және перспективті шолу жасайды, олар өзінің іс әрекетін ұзақ уақытта ұйымдастыруы мүмкін, немесе өтіп кеткен оқиғаға тіреліп қалуы да ықтимал.Уақыт адамның индивидуалды пайда болуының шегі, биологиялық және психологиялық жетілуді саналауы.

 

Адамның психологиялық кеңістіктік-уақыттық әлемді, биографиялық уақыт жатқан тұлғаның өзіндік өміріндегі оқиғаларды бейнелейтін әлем және адамға жатпайтын қоршаған әлем оқиғаларынан құрылған өмір процесіне адамның әлемді меңгерген деп екіге бөлуге болады.

Бөгде өмірлік әлемдерді меңгеру интериоризациясы түрлі дәрежесінде өтеді: адамның оқиғаны когнитивті сферада қарапайым бейнелеуден, оны толығымен меңгеріп, сол оқиғаларды бастан кешіруге дейін.

Адам өмір бойы әртүрлі адамдардың өмірлік жолдары және өмірлік әлемдерініңтоғысын басынан өткізеді, басқа мәнді адамдар біздің психологиялық әлемімізге өзінің кеңістіктік-уақыттық әлеміменбізді толықтыра және тоғыса енеді. Осындай менгерудің нәтижесінде біздің өмірлік әлем, бізді ұоршаған адамдар неғұрлым мәнді болса, оғанэмпатиялық қатынас дамыған болса, соғұрлым толықтырылады.

Адамның қмірлік әлемінің әлеуметтік-тұлғалық құраушысы Я.Л.Мореноның әлеуметтік атом концепциясында жақсы көрсетілген.

Адамның психологиялық кеңістіктік-уақыттық әлемі өте кең, басқа міндң адамдардағы реалды адамдармен ғана емес, сонымен қатар тарихи тұлғалар және қиялдан құрастырылған персонаждарда бола алады. Мұндағы «меңгерудің» негізгі механизмі эмпатиялық қатынас емес, ал рөлдік децентрация, яғни өзінің «Менің» басқа адамның қиялындағы әлеміне праекциялау.

Психологиялық әлемнің кедейлігі, оның өзіндік оқиғалармен шектелуі, басқа адамдармен тығыз қатынаста болып, олармен мәнді тұлғалық байланыста болмаса «жалғыздық» сезімі ретінде субьективті бастан кешіріледі.

Меңгеруге махаббат мысал бола алады. Мұнда дилемма жағдайы көрінеді: жауапсыз махаббат немесе сүйіктісі болған дұрыс па.

Жақсы көру-демек бұл сүйіктінің әлемін меңгеру, оны өзіндікі ету.

Шынайы махаббатта жалғыздық сезімі жоқ, бірақ уақыттық емес, кеңістіктік ажырау күйі бар. Жақсы көрмей, сүйіктісі болу-демек өз әлемін бос қалдыру, өзін бастан кешіру және махаббат шығармашылығын айыру.

Мұндай рухани бостық және және іш пісу күйін В.Франкл «экзистенционалды вауум» деп аталады, өмірлік әлемнің кедейлігі тұлғаның психологиялық уақытының бір өлшемділігі және меңгерілген персонализацияланған әлемдердің жоқ болуы.

Өмірлік әлем екі кілттік катергорияларға: «өмір» және «әлем» сүйенеді.

Жеке уақыт контекісіндегі өмірлік әлемінің маңызды элементтері адамның индивидуалды өмірлік хронотопы және индивидуалды уақыттық тренсспектива деп санауға болады. Құндылықтық-мағыналық табиғаты бар өмірді субьективті талдауға. Персонализацияланған (меңгерілген) өмірлік әлем өткен жоқ, қазіргі шақ және болашақ біріккен кеңістіктік-уақыттық тоғысуды көрсетеді.

 

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Өзгеруде субъектінің ерік-жігер күшінің қажеттілігі және адекваттылығы.

2. Ниеттенген өзгерістердің этикалылығы

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тренингке қатысушылардың мінез-құлық принциптері .| Практикалық сабақ 4 сағ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)