Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Практикалық сабақ 4 сағ.

СИЛЛАБУС | Пәннің сипаттамасы | Глоссарий | Психологиялық тренингке кіріспе. | Тренинг түсінігі. Тренинг алдан ала қаланған өзгеріс әдісі ретінде. | Згеру мәселесіне философиялық келіс. | Згеру мәселесі жөнінде батыс және шығыс философиясы. | Згеру мәселесіне психологиялық келістер. | Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы | Тренингке қатысушылардың мінез-құлық принциптері . |


Читайте также:
  1. Бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
  2. Практикалық сабақ 4 сағ.
  3. Практикалық сабақ 4 сағ.
  4. Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.
  5. Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.
  6. Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

Тақырыбы: «Топтық терапия», «топтық психологиялық түзету» және «топтық тренинг» түсініктерімен өзара байланысы.

Мақсаты: Топтық тренинг түсінігін басқа түсініктерден ажырату.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: топтық терапия, топтық психологиялық түзету, топтық тренинг, даму, қалыптасу, оқыту, әсер ету, өзгеру.

Қарастыратын тақырыптар:

1. «Топтық терапия», «топтық психологиялық түзету» және «топтық тренинг» түсініктерімен өзара байланысы.

2. Негізгі түсініктер: даму, қалыптасу, оқыту, әсер ету, өзгеру.

 

 

1. Топтық терапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг‚ ұғымдарының арақатынасы.

Психотерапия терминi жаңадан пайда болса да, бұл өзi жаңа ұғым емес. 100 деген жылдар бойы адамдар бейiмделмеген адамның мінез-құлқы мен неғұрлым оң бағытқа өзгерту үшiн көзбе-көз қарым-қатынас орнату жағдайын түрлiше колданады. Сондықтан неғұрлғым жемісті бейiмделуге көмектесетiн тiкелей контактiнi нақты жағдайларда колданудың түрлі тәсiлдерiн талдауға мүмкiндiгiмiз бар. психотерапия туралы ескi көзқарастар бұл жарамсыздығы әшкерленген әдiстер арқылы қарастырылады.

Жарамсыздығы әшкерленген әдiстер:

Бұл бұйыру мен тиым салу, катарсис әдiсi, сендiрулер меп кеңестер.

Бұйру мен тиым салу — адамға әсер ететiн ертедегі әдістерінің бiрi. Катарсис- ежелгi психотерапевтiк әдiстердiң бiрi. Бұл іштей тазару деген мағынаны бередi.

Ойын терапиясы. Белгiлi бер себертерге байланысты ойындық терапия студенттік кеңес беру мен ата-ана немесе ересек адамдар терапиясынан мүлдем өзгеше болып көрiнуi мүмкiн. Ең көп байқалатын ерекшелік -ойындық терапиядағыи өзара қарым-қатынас сөзбен емес, көбiнесе іс-әрекетпен анықталуда. Терапевтiң балалаға деген достық қызығушылығы мен эмоциялы көңiл аударуы, ықыласы көптеген елене бермейтін әрекеттерден көрiнедi.

Тренингтiк топтың пайда болуы 1945жылы К.Левин, Рлилпиттертiң есімімен байланысты. АҚШ тағы топтар динамикасын зерттеуде орталық құрылған едi. Зерттеу корытындысында КЛевин мынадай түйiн шығарды. Тұлғаның көптеген типті бағыттары жекеден көрi топта жақсы байқалады. К.Левин мен К.Роджерс топ динамикасы теориясын саралауда клиент терапиясындағы практикада тиімдісі, топтық тренинг болып табылды. I947жылы АҚШ —та топаралық қатынас жұмысының жемістi қорытынды нәтижәсiнде ұлттық тренинг лабороториясы ашылды. Тренингтік топтар топтармен психологиялық жұмысында қазiргi заманғы түрi болып табылды. Тренингтiк топ мүшелерi өздерiнің жүрiс -тұрысына арнай кұрылған, эксперименталды жағдайда талдауға мүмкiндiк бередi. Ондағы атмосфера сенiмдi, қолдау, оларға ашылуға мүмкiндiк бередi.

Топтық терапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг ұғымдарының арақатынасы ол-осы үшеуiнен де топтар қатысады. топ мүшелерi топта өзiн еркiн сезiнiп, ашылуға мүмкiндiк алады. Ол оған үлкен көмек бередi.


1. Топтық психологиялық жұыстың алуан турлi формаларын көрсету үшiн көп терминдердi қолданады, және оларды қолдану обылыстары да алуан түрлi: топтық психотерапия, психокоррекциондық топтар, тәжiрибе топтар, тренингтік топтар, белсендi оқыту топтары, практикалық эксперименталды лаборатория. Бұл топтардың барлығы психотерапия және психокоррекция, оқытудың тоғысында жұмыс iстейдi.

 

Мұнда психотерапия, психокоррекция, оқыту және өзiндiк тұғалық даму түсiнiктерiнiң арасындағы шекараны байқау қиын. Тренингтiк топ Т-топтарды ғана емес, сонымен қатар қатысушылар жетекшi психологтың әрекет етуiмен, әрбiр адамның алуан түрлi психологиялық мәселелерiн шешуге және өзiн-өзi жетiлдiруге көмектесуге бағдарланған, өзiнше интенсивтi қарым-қатынас тәжiрибесiне бағытталған арнайы құрылған кiшi топтарды да айтамыз.

Психотерапия дегенiмiз — эмоцияға,наным-сенiмге, көптеген психикаық, жүйкелiк және психосоматикалық аурулардағы адамның өзiн-өзi саналауына кешендiк, емдiк, вербальдық және вербальдық емес әсер ету. Бар симптомдарды жеңлдету немесе жоюға бағытталған клиникалық бағдарланған психотерапияны, адамның өзiнiң әлеуметтiк
коршаған ортаға және өзiндiк тұлғасына деген қатынасты өзгертуге бағытталған тұлғалық бағдарланған психотерапияны бөлуге болады.

Психологиялық тузету (коррекция) - толық қанды дамыту және тұлғаны функциялануын қамтамасыз ету мақсатында сол және басқа да психологиялық құрылымға психологиялық әсер көрсетуге бағытталған.
Топтық психологиялық коррекция медицинада ғана колданып қана коймай, сонымен қатар практик психолог (дәрiгер — психотерапевт қана емес) iс-әрекетi бағытында да қарастырады.

Топтық психологиялық тренингтің терапиядан, коррекциядан және оқытудан айырмашылығы.

1. Психотерапиядан айырмашылығы. Тренингтiк жұмыстың мақсаты
емдеумен байланысты емес. Тренинг жетекшiсi емдiк әсер етуге емес,
психологиялық көмек көрсетуге бағдарланған. Тренингке денi сау адамдар ғана емес, сонымен қатар невротиктер, психиканың шектелген куйiндегi адамадар да қатыса алады. Сонғы жағдайда практик психологқа (медициналық бiлiмi жоқ) клиникалык психотерапевтпен бiрге жұмыс iстеу керек.

2. Психологиялық тренингтің психокорекциядан айырмашылығы, тренингте адамның iшкi әлеміне, жеке психикалық құрылымға, тұтастай тұлғаны дамытуға үлкен көңiл аударады. Коррекция психиканың даму нормасы түсiнiгiмен тiкелей байланысты.

З Тренингтiк жұмысты оқытуға толығымен жатқызуға болмайды, себебi когнитивтi компонент тренинкге әрқашан басты бола алмайды кейде мүлдем шеттетілуі мумкiн, дегенімен психологиялық тренииг дамытушы оқытумен өте тығыз байланысты.

Тренингте психотерапевтік, коррекциондық және оқытушы әдiстер қолднуы мүмкiн.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Тренингтік топтағы топтық динамика.

2. Тренингтік топтардың даму фазалары. Бағдарлану және тәуелділік фазасы.

3. Дау-жанжал фазасы. Бірлесу және мақсатқа бағытталған іс-әрекет фазасы. Топты аяқтау фазасы.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 774 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Психологиялық тренинг жөнiнде жалпы түсiнiк.| Жұмыстың топтық формасының көп функционалдылығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)