Читайте также: |
|
Тренинг жүргiзушiнiң жұмысы терең түрде ойланаған болуы қажет. әр бiр сәтте ол өз жұмысының қалай және не үшiн орындалып жатқанын бiлуi керек Топтық тренингтегi жүргiзушi қызметiнiң негiзгi екi бағытын атап көрсетуге болады: Тұлғамен және топпен жұмыс. Бұл бағыттардың негiзгiсi, топтың құрастырған мақсаттарымен байланысты. Көп жағдайда жүргiзушi топпен жұмысқа бағытталаған. Мысалы, тренинг өндiрiстiк немесе кәсiпкойлық топтармен жүргiзiлсе. Мұндай кезде ең бiрiншi топтың iштегi шиеленiстерi немесе топтың ауызбiршiлiгiн қарастыру алдыңғы мақсатқа койылады. Ал, топтың тұлғалық өсуi мен мәселелерi ұжымды дамытуда әрi қарай жүзеге асырылады.
Тұлғамен жұмыс. Тұлғамен жұмыстың негiзгi бағыты қатысушылардың өзіндік ерекшелiктерi Мен артықшылықтарын немесе жетiспейтiн жақтарын қарастырады. Тұлғамен жұмыс қатысушылардың Мен концепциясын, танымдық процесстердi дамыту, қарым-қатынас компаненперiн дамытумен байданысты.
Тұлғамен жұмыс барысында қатысушылардың әлеуметтiк бағыттары, құндылықтары, өзiне және өзгеге деген қарым-қатынастары өзгеруi немесе козғалуы мүмкiн. Бұл жұмыстың нәтижәсi қатысушылар өзiн адекватты тұлға екенiн қабылдап, тануға, өмiрде сәттi және бакытты өмiр сүруге, өзгеруге көмектеседi. Бiрақ, бұл үшiн топың мүшелерi өздерiн тереңiрек анализдеп, бiр-бiрiне деген сенiмi мол болып, оз ойларын бiлдiргенде қол қанат болуы қажет.
Топпен жұмыс. қатысушылардың қурылымдық жұмысы топтың психологиялық қарым-қатынасына байланысты. Топ iшкi және сыртқы факторларға байланысты өзгерiп отырады. Топты ішкi құрылымына, мақсатына, нормаларына, санкцияларына байданысты қиын топтардың қатарына жатқызуға болады. Топтық дамуы мен динамикасына жүргiзушi көп ықпал етедi. Жүргiзушi топтың дамытып және басқарып бiлуi тиiс.
Топты жургiзу стилi
Жургiзудшiнiң жұмыс стилi топтың еркiн және директивтi (бағдарламалы) жүргiзiлуiне байланысты. Еркiн жүргiзу формасының шегiне дейiн пассивтi түрде болуы мүмкiн. Жүргiзушi қатысушыларға олардың Мақсатын оларға жетудiң жолдарын корсетпейдi. Кейбiр жағдайларда тренердiң iшкi пассивтiлiгiнiң көрiнуi, қатысушыларға әсер етуi мүмкiн. Жүргiзушi ешқандай iс-әрекет жасамай, тек «тындаушы» ғана болады. Топта ұзаққа созылған паузалар кездесуi мүмкiн. Сонымен қатар, жүргiзушi сендiру, тусiндiру қызметiн атқармайды. Ол қатысушылардың сұраныстары мен сұрақтарына жай ғана жауап беруi мүмкiн. Топта салмақ түсушiлiк пен дұрыс бағыт таңдай аламушылық кездескен жағдайда, бұл мәселелердi топ өзi шеше алатындай сезiнедi. Бiрақ бұл, жүргiзушiнiң жоғарғы кәсiпкойлық қызметiн, эмпатикалық тындау техникасын, вербалды емес ақпаратты байқау, топты қабылдау мен сезiну қасиеттерiн талап ететiн, топтық басқаруда кездесетiн қиын формалардың бiрi болып табылады.
Осы берiлген формалар аркылы қатысушылар өздерiне қиын деп есептеген нәтижелерге де қол жеткiзе алады. әрине, егер қатысушы мен жүргiзушi бұл форманы техника ретiнде қабылдап жүзеге асыра алса. Кейбiр Ттақырыптық және кәсіпқойлық топтарда, жүргiзушi консультанат ролiн атқарып, қатысушыларға ерiк берiлiп, олар мәселерiнiң шешу жолдарын өздерi табуға тырысады.
Екiншi форма- бұл бағдарламалы, қатаң түрдегi топты жүргiзуде кездесетiн дерективтi стильдердiң бiрi болып табылады. Топтық динамикалар мен оқыту уақытын максималды түрде пайдалануды қажет етедi. Бұл форманың минусы- алды ала топтың көңiл-күйi мен процедураның қалай жүретiнiн бiлу мүмкiн емес.
Сонымен қатар, алдын ала құрастырылған бағдарламалар қатысушылардың қызығушылықтарына әсер етпеуi де ғажап емес. Сол үшiн, бұл форманы қолданатын жүргiзушiнiң жоғары кәсiпқойлық деңгейi, соның iшіндi «кездесетiн кедергiлереге қарамастан топты алып жүру» қабiлеттiлiгi болуы тиiс.
Шыңайы түрдегi топтармен жұмыс жасайын тренерлерге компромисстiк форманы колданғандары жөн. Тренингтiң кұрылымын және сабақтың жоспарын, топтың қалыптасу бағытын, қатысушылардың көңiл-күйiн және кедергiлер кездескен жағдайға дайын болу қасиеттерiне ие болуы қажет.
Тренерлiк-Ко (Топпен бiрге жұмыс)
Топтағы тренердiң өзiндiк шыңайы ережелерi, әр түрлi топты жүргiзу стильдерi болады. Тренерлердiң жинақталған тобы жақсы болса, ол қатысушыларға да, сонымен қатар олардың бiр-бiрiне де, тұлғалық өсуiне де үлкен әсерiн тигiзедi. Сонымен бiрге iс-әрекеттi жоспарлап, өзiнің жұмысының керi байланысын бiлуi қажет. Топ- «шындықты iздеу» орны болмауы керек. Тренерлер бiр-бiрiмен бәсекелеспей, керiсiнше ақпарапарды Тиiмдi уақытында жеткiзiп отыруы қажет. қатысушылар үшін, тренерлердiң бiр-бiрiне әр турлi көзқарастарын бiлдiруiн бақылап отыру керi әсерiн тигiзедi. Тренер басқа көзқарасқа келiспей тұрса да, “иә” деп жауап бере салып, соңында өз көзқарасын бiлдiруге тырысады. Бiрақ, өз кезегiмен бiлдiре алады.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тренинг жүргiзушiнiң ролi мен қызметi | | | Практикалық сабақ 4 сағ. |