Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік сфера түсінігі

ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ | ТАҚЫРЫПТАР МАЗМҰНЫ | ПӘНДЕРДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ | Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі | ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ | Леуметтік сфераның қызметі | Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері |


Читайте также:
  1. Али баба- И в самом деле, уважаемая ханум Красная папаха, это ведь не наша сфера деятельности. Елки-палки всякие. Вот розы или тюльпаны другое дело.
  2. Атмосфера
  3. Атмосфера научного поиска и практика медицины
  4. Атмосфера придирок и резкой критики в детстве
  5. Афективная сфера.
  6. Аффективная сфера.
  7. Аффективная сфера.

Әлеуметтік сфера–технологиялық байланыстар жүйесімен байланысты және басқарудың салалық органдарымен реттелетін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жалпы мақсатты функцияны орындайтын салалар мен ұйымдар жиынтығы.

Әлеуметтік сферадағы мемлекеттің қатысуының өзгеруі, басқарудағы жаңа механизмдерді іздестіру, экономикалық қатынастарды терең қайта құру жағдайында социолистік кезеңнен кейінгі қоғамның әлеуметтік сфера әлуетін сақтау мен ұлғайту ең маңызды әлеуметтік проблема ретінде қоғаммен, саясаткерлермен және басқарушылармен терең сезінілуде. Қоғамдағы әлеуметтік процесстерді оңтайландыру мүддесінде, әлеуметтік сфера қызмет етуінің жаңа моделі негізінде жаңа концепция талап етіледі.

Қоғамның әлеуметтік сферасы әлеуметтік процесс субъектілерінің үздіксіз ұдайы өндірісіндегі объективті қажеттіліктен туған қоғамның бүтін әрдайым өзгерістегі қосалқы жүйесі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл адамдардың өз өмірлерінің ұдайы өсіп-өнуі бойынша адамдық әрекеттің тұрақты аймағы, қоғамның әлеуметтік қызметтін іске асыру кеңістігі. Онда адамның әлеуметтік және азаматтық құқықтары іске асады. Оның қызмет етуі объективті заңдылықтармен анықталады және әлеуметтік басқарудың белгілі принциптеріне негізделеді.

Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік сфера құрылымын анықтауға түрлі тәсілдер келтіріледі. Бір жағдайда әлеуметтік сфераны мағынасы бойынша, екіншісінде негізгі функциялары, үшіншісінде-әлеуметік сфераны сипаттайтын категориялық аппарат бойынша бөлу орын алған. Осылай, оны білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыс және мәдени қызметтер сфералары, транспорттық қызмет көрсету және тағы да басқа ретінде көрсетуге болады. Әлеуметтік сфера элементтерін классификациялаудың басқа да мысалдарын келтіруге болады. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өз құндылығы бар. Алайда, әлеуметтік сфераны оның әлеуметтік талдау ерекшеліктерінен шыға отыра құрылымдау мақсатқа сай болып табылады.

Алдымен қай объектілер мен процесстерді әлеуметік сфераға, ал қандайларын-сыртқы ортаға кіргізуге болатынын анықтау қажет. Әлеуметтік сфераның қатаң кеңістіктік немесе уақыттық шегі жоқ. Ол жекеленген дара емес, керісінше қоғамның басқа да сфераларымен өзара байланыста: материалды-өндірістік, саясат, мәдени-рухани және табиғи жүйелер ретінде. Әлеуметтік сфера дамуының міндетті шарты-басқа сфералардың қызмет етуі болып табылады, себебі оларда материалдық, рухани игіліктер мен құндылықтар өндіріледі. Бұл мағынада қоғамның басқа сфералары орта ретінде қарастырылады. Оларға қатысты әлеуметтік сфера әлеуметтік қатынастар мен процесстердің тұрақтылығын нығайтушы мен қолдаушы фактор ретінде шығады.

Материалдық-өндірістік, саяси және мәдени-рухани сфералар әлеуметтік сфераға бөлек құрамдас бөліктер арқылы әсер ете отыра, бірлескен қасиеттердің қалыптсуында жанама қатысатын болғандықтан, жүйеге қатысты сыртқы болып табылады, сондықтан да ортаға кіргізіледі.

Әлеуметтік сфераның заттық, іс-жүргізушілік, идеялық, адамдық сипаттағы қажетті құрамдас бөліктер жиынтығы бар. Бұл құрылымдық бірліктердің өзара әрекеті берілген жүйеге тән сапалық ерекшеліктерді туғызу қажет. Соған қатысты әлеуметтік инфрақұрылым және онымен өндірілетін тұтыну өнімдері, білім, медицина, әлеуметтік және тұрмыстық қамтамасыздандыру процесстері, механизмдер мен халықтың тұтынушылық қылығын реттейтін нормативтік базасын, әлеуметтік сфераны басқарудың органдары мен институттарын кіргізуге болады.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 400 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОССАРИЙ| Леуметтік сфераның құрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)