Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік сфераның қызметі

ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ | ТАҚЫРЫПТАР МАЗМҰНЫ | ПӘНДЕРДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ | Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі | ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ | ГЛОССАРИЙ | Леуметтік сфера түсінігі | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері |


Читайте также:
  1. Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
  2. Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау
  3. Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары
  4. Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі
  5. Леуметтік модельдердің принциптері
  6. Леуметтік психологиялық тренинг.
  7. Леуметтік саясат модельдері

Әлеуметтік сфераның басты функциясы тарихи процесс субъектісі ретінде, бұқараның әртүрлі қабаттары мен топтарын әлеуметтік ұдайы өсіп-өнуі мен жан-жақты тіршілікпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл функция – қоғамның болмысы үшін өте маңызды. Әлеуметтік ұдайы өсіп-өну процессінің өзгешілігін әлеуметтік сфераның туынды функциялары сипаттайды. Әлеуметтік ұдайы өсіп-өнудің өзгешілігін келесі функциялармен көрсетуге болады: социореттеуші, социобейімделуші, социоөнімділік, социомәдени, социосерпінді (социодинамикалық), социоқорғаушы.

Социореттеуші функция - әлеуметтік сфера әлуетін тиімді қолдануды өсіруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекет пен субъектілердің қарым-қатынасының негізгі көрсеткіштерін реттемелейді. Оның әр қарай дамуы жеке адам мен біртұтас топтың тәртіп моделінің өзгеруіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар олардың әлеуметтік іс-әрекетін реттеуші макроәлеуметтік процесстің нақты негізі болып шығатын нормалар мен өнегелік құндылықтар жүйесі болып көрсетілуі мүмкін.

Социобейімделуші функция - қоғамдағы адамдардың іс-әрекетінде келісімге келуге мүмкіндік туғызушы, мүгедектер мен әлеуметтік топтардың іс-әректін ынталандырушы, әр қайсысының іс-әрекетті неғұрлым тиімді іске асыруына бағытталған.

Социоөнімділік функция – тұтастай әлеуметтік организмнің ұдайы өсіп-өнуі үшін қажетті, адамдардың бүкіл қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Социомәдени функция – қоғамның әлеуметтік мінез-құлықтылық әлуетін меңгеруге адам мен әртүрлі әлеуметтік топтарды қатыстыру процессін реттемелеу.

Социосерпінді функция – халықтың өмір сапасын өсірумен байланысты.

Социоқорғаушы функция – қоғамның деприверленген (салыстырмалы кедейліктің зардабы) қабаттары мен еңбекке жарамсыздарды қолдау және әлеуметтік кепілдемемен, құқықпен және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету.

Әлеуметік сфера белгілерін өлшеу негізінде әлеуметтік көрсеткіш жатыр. Әлеуметтік көрсеткіштің астында сан мен сапа тенденциясы және оның қызмет етуі мен дамуының бағыты түсіндіріледі.

Әлеуметтік сфера жағдайының интегралдық көрсеткіші адамдардың түпкілікті өмір қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру қабілеттілігінің тұтастығын сипаттайтын көрсеткіштер болуы мүмкін. Мысалға, әлеуметтік сфера әлуеті жанұялардың өмір сапасы мен деңгейі, халықтың әлеуметтік қорғалуының деңгейі, адамдардың хал-жайы, әлеуметтік шиеленісушілік, сонымен қатар тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінің объективті және субъективті бағалаумен байланысты неғұрлым нақтылары: әлеуметтік топтарды үй, медицина, тұрмыстық қамтамасыз етілуі, білім беру, мәдени-діни қатынаста болу, саяси қатысу.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік сфераның құрылымы| Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)