Читайте также: |
|
Әлеуметтік сфера құрылымы–бұл оған енетін секторлар мен салалардың арақатынасы мен өзарабайланыстылығы.
Әлеуметік сфераның салалық құрылымы оған кіретін көптүрлі салалар және ішкі салалармен ерекшеленеді. Әлеуметтік сфераға кіретін салалардың құрамын анықтаудың бірнеше тәсілдемесі бар. Экономикалық тәсілдемеге сәйкес әлеуметтік сфераға материалдық, заттық нысанда емес (алайда, бұл жерде де ерекше түрде қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету қызметтері болуы мүмкін), адамның әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыру қызметін ұсынатын салалар енеді.
Әлеуметтік сфера өндірістік емес сфераға жақын, бірақ та оған тең емес. Өндірістік емес сфераға, әлеуметтік сфераға кірмейтін салалар жатады: ғылым, ғылыми қызмет көрсету, байланыс және ұйымдар мен мекемелер үшін ақпараттық қызметтер қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғаныс. Өндірістік емес сфера материалдық өнімді жасаумен тікелей байланыспаған экономиканың сферасы болғандықтан, әлеуметтік сфераға жататын қоғамдық тамақтандыру, сауда сияқты тағы да басқа салалар оған кірмейді, себебі бұл салаларда материалдық өнім не жасалады немесе тұтынушыға апарылады.
Біздің елімізде соңғы жылдардағы экономиканың қаржы–несие сферасының екпінді дамуы халыққа қаржы сипатындағы түрлі қызметтерді ұсынатын көптеген ұйымдардың құрылуына әкелді. Сол қызметтердің кейбіреулері, мысалға, әлеуметтік және зейнетақыны сақтандыру, тұрғын үй мен тұтынушыны несиелеу анық әлеуметтік бағытты иеленеді. Алайда бұл тәрізді қызметті ұсынатын ұйымдар (бюджетік емес қорлар, мемлекеттік емес сақтандыру және зейнетақы қорлары, т.с.с.) халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық жағдай жасайтын болғандықтан, олар әлеуметтік сфераға тікелей апарылмайды.
Қазіргі кезде мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің көп бөлігі өз жарғыларына сәйкес әртүрлі қызмет түрлерімен айналысады, соның ішінде халықа әлеуметтік қызмет көрсету.
Экономика мен әлеуметтік сфераны басқару үшін ұйымдар мен мекемелерді үш сектордың біреуіне кіргізу мүмкіндігін ескеретін секторлық құрылым өте маңызды болып табылады.
Мемлекеттік сектор - мемлекеттік және муниципалды біртекті кәсіпорындарды, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалды меншіктегі мекемелерді өзіне қосады.
Коммерциялық сектор - өз іс-әрекетінде пайда табуды негізгі мақсаты етіп алған жеке меншіктегі шаруашылық серіктестік, қоғамдстық, өндірістік кооператив нысанында құрылған ұйымдарды өзіне енгізеді.
Пайдасыз секторлар – тұтынушылық кооператив нысанында құрылған ұйымдардан, қоғамдық және діни ұйымдардан, қайырымдылық немесе басқа қорлардан, ассоциациялардан, одақтардан, серіктестіктерден тұрады. Бұл ұйымдардың ерекшелігі-мемлекеттік ұйымдар тәрізді өз іс-әрекетінде пайда табуды мақсат етіп алмаған, ал пайда табылған жағдайда қатысушылар арасында бөлінбейтін нысанды иеленген.
Әлеуметтік сфераның салалық және секторлық құрылымын қарастыра отыра, білім беру, денсауық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру және мәдениеттің кейбір ішкі салаларында мемлекеттік мекемелердің көптігін ескеру қажет; ал бөлшек саудасында, тұрмыстық қызмет көрсетуде, қоғамдық тамақтандыруда көптеген ұйымдар коммерциялық сектордан тұрады, ал пайдасыз секторлар көбінесе әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және білім беру ұйымдарында көп орын алған.
Әлеуметтік сфераның маңызды құрамдас бөлігі-әлеуметтік инфрақұрылым. Әлеуметтік инфрақұрылым деп - адам мен қоғамның өсіп-өнуі мақсатында қажеттіліктер кешенін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын материалдық-заттық элементтердің тұрақты жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік сфера инфрақұрылымының ішкі ұйымдастырылуы бойынша әлеуметтік сфераның барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар мен басқару органдар жүйесі болып табылады.
Әлеуметтік инфрақұрылым білім, медицина тұрмыс және транспоттық қызмет көрсету процессімен қамтамасыз ететін мекемелер, ұйымдар санымен, сонымен қатар ондағы орын санымен және қызмет мөлшерімен сипатталады.
Социологиялық талдау көмегімен анықталатын әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі туралы айтуға болады.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 396 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Леуметтік сфера түсінігі | | | Леуметтік сфераның қызметі |